Назым Қызайбай алты дүркін әлем чемпионын жеңіп, Азия чемпионы атанды

31.05.2021 03:01

Төрешілер 4:1 есебімен жеңісті Назымға берген

olympic.kz

Бокстан Дубайда өтіп жатқан Азия біріншілігінде Қазақстан командасы екінші алтынын жеңіп алды деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі olympic.kz-ге сілтеме жасап.

Қазақстан командасының көшбасшысы, 51 келідегі Назым Қызайбай финалда әлемнің алты дүркін чемпионы, үндістандық Мэри Комды жеңді. Төрешілер 4:1 есебімен жеңісті Назымға берген. 

Айта кетейік, Азия біріншілігінде бокстан Қазақстан құрамасының қоржынында әзірге 5 алтын, 1 күміс медаль бар.