Бүгін 25 шілдеде V дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі дирекция ойындарға келетін делагацияларды орналастыру және ойындар кезінде қонақүйлер қызметін жүйелеу бағыты бойынша атқарылған жұмыстар барысымен таныстырды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Дирекция басшысы Наиль Нұров ҚР Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаевқа Holiday Inn Express Astana-Turan қонақ үйіндегі жұмыстарды таныстырумен бастады. Жұмыс тобы қонақ үйге кіретін бағыттардан бастап, көшедегі навигация көрсетілімі, көліктер мен автобустарды Ойындар стилінде безендіру, қонақүйлердегі волонтерлар қызметін, қонақүйде делегация мүшелері орналасатын бөлмелер мен ас мәзірімен (таңғы, түскі, кешкі ас) таныстырды. Арнайы штаб қонақүй мәселесімен танысқан соң, Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайына аттанды.
Штаб мүшелері Жекпе-жек сарайындағы жиынды автотұрақ алаңының жұмысымен танысудан бастады. Жауапты мамандар объектіге кіруді басқару және бақылау жүйесін, билеттерді тексеру қызметін, аккредитация (бейдж) мен билеттердегі QR-кодтар арқылы көрермендерді кіргізу жұмыстарының қалай жүргізілетінін пысықтады.
Айта кетерлігі, 8-13 қыркүйекте Астана қаласында V дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Іс-шараға 89 елден 2000-нан астам спортшы қатысады деп жоспарлануда. Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында барлығы 21 спорт түрінен 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении!