Жансая Әбдімәлік халықаралық гроссмейстер атанды

02.06.2021 03:35

Бұл туралы Жансая Әбдімәлік өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды

chess-boom.online

Шахматшы Жансая Әбдімәлік ерлер арасында халықаралық гроссмейстер атанды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл туралы Жансая Әбдімәлік өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.

«Алақай! Мен халықаралық гроссмейтермін!» – деп жазады Жансая Әбдімәлік.

Отандасымыз 22 мамыр мен 2 маусым аралығында өтіп жатқан әйелдер арасындағы FIDE Гран-приінің финалында үздік нәтиже көрсеткені үшін халықаралық гроссмейстер атанды.