Футзалдан әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы жүлдесіз қалды

04.10.2021 03:43

Қазақстан құрамасы Бразилия командасына есе жіберіп, 2:4 есебімен жол берді

inform.kz

Қазақстан құрамасы футзалдан әлем чемпионатында 3-орын үшін Бразилиямен кездесіп, жеңіліп қалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Қазақстан құрамасы Бразилия командасына есе жіберіп, 2:4 есебімен жол берді.

Айта кетсек, Бразилия - әлем чемпионатында бес дүркін чемпион атағын жеңіп алған жалғыз құрама.

Еске салсақ, топтық кезеңде Қазақстан құрамасы Коста-Рикадан 6:1, Литвадан 3:0 есебімен басым болса, Венесуэламен 1:1 есебімен тең ойнады. Одан кейін 1/8 финалда Таиландтан 7:0 есебімен басым түсіп, ширек финалда Иранды 3:2 есебімен сүріндірді.

Қазақстан құрамасы бұдан бұрын әлем чемпионаты финалдық сатысында екі мәрте бақ сынады.

2000 жылы бірінші кезеңнен аса алмаса, 2016 жылы 1/8 финалға дейін жетті.