Тоқаев Қазақстан ұлттық құрамасын жеңісімен құттықтады

11.09.2023 03:46

Қазақстан құрамасы1:0 есебімен жеңіске жетті

Акорда

Мемлекет басшысы Қазақстан ұлттық құрамасының жеңісі туралы жылы лебізін білдіріп, елордалық еріктілер мен белсенділерге алғыс айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

– Біздің ұлттық құраманың Солтүстік Ирландияның мықты командасымен алаңдағы кездесуін қызыға тамашаладым. Ойын өте қызықты әрі тартысты өтті. Қазақ футболшылары қарсылас командаға төтеп беріп, 1:0 есебімен лайықты жеңіске қол жеткізді. Қазақстан ұлттық құрамасы және олардың мыңдаған жанкүйері үшін қуаныштымын!

Әсіресе «Астана жастары» мен басқа да ұйымдар еріктілерінің, сондай-ақ жекелеген азаматтардың, белсенділердің үлгі аларлық ісін айрықша атап өткім келеді. Олар ойыннан соң стадионда қалып, трибунадағы қоқысты жинап шықты.

Футболшыларымызды және жастарымызды мақтан тұтамын, – деді Мемлекет басшысы.


Қазақстан құрамасы Солтүстік Ирландия командасын қабылдап, 1:0 есебімен жеңіске жетті.