10-14 ақпан аралығында болған жарыста әр өңірден келген спортшылар бақ сынасты
Алматыда мәнерлеп сырғанаудан республикалық кубоктың бірінші кезеңі өтті. 10-14 ақпан аралығында болған жарыста әр өңірден келген спортшылар бақ сынасты. Олар алдағы іріктеу сындарында да өздерін дәлелдеуі қажет, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Алматы қаласында жарыстың екі кезеңі және спартакиада өтетін болады. Сайыстың екінші кезеңі наурыз айына жоспарланып отыр. Ал спартакиада желтоқсан айында басталады. Бірінші кезеңде әр өңірдің мықты спортшылары шеберліктерін көрсетті», – деді Алматы қаласының мәнерлеп сырғанаудан бас бапкері Әсем Қасанова.