«Алматы хоккей клубы «Теміртау» командасын 4:2 есебімен жеңді

26.11.2019 03:55

Енді олар желтоқсан айында павлодарлық «Ертіс» және өскемендік «Торпеда» командаларымен ойын өткізеді

«Алматы»  хоккей клубы қарағандылық «Теміртау» командасын 4:2 есебімен ойсырата жеңіп, ашық чемпионат кестесіндегі екінші орынды сақтап қалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Екінші күні де алматылық команда мықты екендерін дәлелдеп, 1-0 есебімен жеңіске жетті. Енді олар желтоқсан айында павлодарлық «Ертіс» және өскемендік «Торпеда» командаларымен ойын өткізеді. Осылайша ақпан айының соңына дейін 1-кезең жүреді. Ал ашық чемпионаттың 2- кезеңі наурыз айында басталады.

«Турнир кестесіндегі бірінші орынға әлі шыға қоймадық. Дегенмен, жуық арада оған да жетеміз деп ойлаймын. Әрине, бізге басты ойын плэй офф кезеңі болып тұр. Ол Жаңа жылдан кейін өтеді. Алматылық команданың жеңіс тұғырында көреміз деп үміттенемін. Клубты кәсіби тұрғыда өсіру үшін біраз шараны қолға алдық», - деді Алматы хоккей клубының директоры Марат ҚАШҚЫМБАЕВ.

Айта кетейік, «Алматы» хоккей командасы жаңа маусымда жеке құрам мен жаттықтырушылар штабын түбегейлі өзгерткен. Ұжымға 6 спортшы, қақпашы және қорғаушы қосылды. Сондай-ақ,  бас жаттықтырушы қызметіне мықты командаларда жұмыс істеген Владимир Капуловский тағайындалды. «Алматы»  хоккей клубы шайбалы хоккейден ашық чемпионатта жүлделі орын алуға ниетті.