Дамир Әбдіқадір күміс медальға қол жеткізді
ашық дереккөз
51 келі салмақта сынға түскен Дамир Әбдіқадір финалда 2016 жылғы Рио Олимпиадасының чемпионы өзбестандық Хасанбой Дусматовқа жол берді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Болгария астанасында бокстан өтіп жатқан «Странджа кубогында» ерлер арасында қазақстандық Дамир Әбдіқадір күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
51 келі салмақта сынға түскен Дамир Әбдіқадір финалда 2016 жылғы Рио Олимпиадасының чемпионы өзбестандық Хасанбой Дусматовқа жол берді.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін аталған турнирде әйелдер арасындағы айқастарда Назым Қызайбай алтын медаль жеңіп алды.
Сондай-ақ Дина Жоламан күміске қол жеткізгенін жазған болатынбыз.
Бұл халықаралық жарысқа 36 елден 450 боксшы қатысып жатыр. Олардың қатарында Олимпиада, әлем және Еуропа чемпиондары да бар.
Турнир 28 ақпанда мәресіне жетеді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
31.10.2026 14:34
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
31.10.2026 09:50
Суық тигенде қандай қателіктерге жол бермеу керек
31.10.2026 10:36
Жалақы уақытында берілмесе қайда шағымдану керек
30.10.2026 20:31