Байрақты додаға әлемнің 19 елінен 140 спортшы қатысқан
Алматыда фристайлдан өткен Әлем кубогында отандасымыз Жанбота Алдабергенова үздік үштіктен көрінді. Байрақты додаға әлемнің 19 елінен 140 спортшы қатысып, «Шаңғы акробатикасы» және «Параллельді могулда» өзара мықтыны анықтады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Әлем кубогінің ақтық кезеңінде шаңғы акробатикасынан кіші финалға 12 спортшы өтіп, мықтылар жүлдеге таласты. Олардың қатарында еліміздің мақтанышы Жанбота Алдабергенова да бар еді. Ол финалда 84.99 ұпай жинап, жүлдегер атанды. Ал бас жүлдені Канадалық алса, екінші орынға Ресейлік спортшы жайғасты.
«Олимпиадаға дайындық осы маусымда басталды. Осы маусым бойы санауға алып жатыр біздің ұпайларымызды. Келесі маусымда бәрі бірге қосылады. Егер әлем рейтингінде үздік 25-тің қатарында жүрсең, лицензия қолда деп санасақ болады», – деді жарыстың қола жүлдегері Жанбота Алдабергенова.