Жарысқа шаһардың 7 командасы қатысты
Алматылық ең мықты жас кудошылар қала біріншілігінде бақ сынасты, деп хабарлайды Almaty.tv.
"НұрОтан" партиясы және Алматы қалалық әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған жарысқа шаһардың 7 командасы қатысты. "Армандар орындалады" деген ұранмен өткен жарыс алғыс айту күні аясында өтті. Мұндағы мақсат шығыс жекпе-жегін қалада кеңінен насихаттау және сәуір айында өтетін Қазақстан чемпионатында қала құрамасын жасақтау.
«Жыл өткен сайын бұл спортқа қызығушылар саны артып келеді. Мәселен, өткен жылы кудомен айналысатындар 5-6 ғана клубта да 300-дей бала болса, бүгінде клубтар саны 10-ға жетіп, 500-ден астам спортшы тұрақты шұғылданып келеді», – деді Рустам ЕРМАНОВ.