Отандастарымыз жалпы командалық есепте 4-орынға жайғасты
Қазақстан құрамасы петанк ойынынан Әлем кубогында 5 медаль иеленді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Осылайша отандастарымыз жалпы командалық есепте 4-орынға жайғасты. Онлайн өткен бәсекеге әлемнің ең азулы құрамалары қатысты. Финалда 17 қазақстандық бақ сынады. Оның ішінде 1 алтын, 1 күміс және 3 қола. Марапаттау рәсімі де бүгін Алматыда онлайн режимде өтті.
«Бұл – біздің ел үшін бұл үлкен жаңалық. Жарысқа барлығы 70 ел қатысты. Онлайн режим дегеніміз – әр спортшыға белгілі бір уақытта арнайы тапсырманы орындау қажет. Ойынды видеоға түсіріп ұйымдастырушыларға жолдайды. Осылайша Қазақстан атынан қатысқан 19 спортшының 17-сі финалға өтті», – деді Қазақстан Керлинг федерациясының бас хатшысы Виктор Ким.
Петанк қазақтың ұлттық ойыны асық атуға қатты ұқсайды. Онда тек асықтың орнына шар пайдаланылады. Блімізде былтыр ғана Петанк федерациясы құрылып, биыл Әлем кубогында жақсы нәтиже көрсетті. Қазіргі Қазақстан құрамасының жас спортшылары болашақтан көп үміт күттіреді.
«Петанк біздің қазақтың ұлттық ойынының бірі асық атуға ұқсас. Яғни, асықты дәлдікпен тигізесің, оған ептілік керек, сабырлылық керек және де шапшаңдық керек деп те ойлаймын. Себебі барлығын ойша қорытып, дәл тигізуге шешім қабылдайсың», – деді жарысқа қатысушы Ситора Алиярова.