Айдос Сұлтанғали грек-рим күресінен әлем чемпионы атанды

21.09.2025 10:22

Соңғы рет отандастарымыз грек-рим күресінен 1999 жылғы әлем чемпионатында алтын медаль иеленген еді

United World Wrestling

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының өкілі Айдос Сұлтанғали Загребте (Хорватия) өтіп жатқан әлем чемпионатында топ жарды, деп хабарлайды Аlmaty.tv Ұлттық олимпиалда комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол 60 келіге дейінгі салмақта қарсылас шақ келтірмеді.

Финалда Сұлтанғали Өзбекстан балуаны Алишер Ганиевті 9:0 есебімен мерзімінен бұрын жеңді.

Айта кетейік, Айдос Сұлтанғали бұған дейін де екі мәрте әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған (2018, 2022).

Соңғы рет отандастарымыз грек-рим күресінен 1999 жылғы әлем чемпионатында алтын медаль иеленген еді. Ол кезде 63 келиге действующего салмахта Мхитар Манукян чемпион атанды.

Оқи отырыңыз: Әбиба Әбужақынова әлемдік рейтингте бірінші орынға көтерілді