Еліміздің тағы бір өкілі Виктор Друзин осы сында 4-орыннан көрінді
Испанияның Понтеведра қаласында көркем жүзуден әлем кубогінің 4-кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінен хабарлағандай, бүгін Ұлттық құрама спортшысы Алдияр Рамазанов ерлер арасындағы техникалық бағдарламаның жекелей сынында қола медаль жеңіп алды.
Жүлдегерлер:
Еліміздің тағы бір өкілі Виктор Друзин осы сында 203,5667 балл нәтижесімен 4-орыннан көрінді.
Айта кетейік, осыған дейін аралас жұптық сынның техникалық бағдарламасында Алдияр Рамазанов пен Ясмина Исламова қола жүлдеге қол жеткізді.
Бұл жарысқа 29 мемлекеттен 208 спортшы жиналды. Ел намысын барлығы 22 отандасымыз қорғап жатыр.
Әлем кубогы 31 мамырда мәресіне жетеді.
Оқи отырыңыз: Алматыда 1-7 маусым аралығында ауа райы қандай болады