Алексей Чуркин Азиаданың күміс жүлдегері атанды

28.09.2026 11:20

Ол ауыр атлетикадан әлем рекордын жаңартты

depositphotos

Жапонияның Аичи префектурасында ХХ жазғы Азия ойындары аясында ауыр атлетикадан 85 келіде жүлде сарапқа салынды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ерлер арасында 85 келі салмақта сынға түскен отандасымыз алғашқы жұлқа көтеру жаттығуында-ақ 173 келіні бағындырып, жаңа әлем рекордын орнатты. Серпе көтеруде отандасымыз 206 келіні көтеріп, қоссайыста 378 келімен екінші орынға тұрақтады.

Кванг Риол Ро (Солтүстік Корея) - 379 келі (165+214)

Алексей Чуркин - 378 келі (173+205)

Шуннан Чен (Қытай) - 374 келі (163+211)

Толық көрсету