Алматыда 1300 адам жазғы эстафеталық марафонда бақ сынады

20.07.2026 16:38

Қатысушылар Төле би, Қабанбай батыр, Панфилов көшелерімен және Абылай хан даңғылымен жүгіріп өтті

Алматыда 1300 адам жазғы эстафеталық марафонда бақ сынады. Желаяқтар жарысы алғаш рет мегаполистің тарихи орталығында болды, деп хабарлайды Аlmaty.tv

Қатысушылар Төле би, Қабанбай батыр, Панфилов көшелерімен және Абылай хан даңғылымен жүгіріп өтті. Негізгі сайыс 10 шақырымдық топтық эстафета болды. Командалар ерлер, әйелдер, аралас, корпоративтік және кәсіби санат бойынша бақ сынасты. Соның ішінде 4 пен 14 жас аралығындағы жас желаяқтар марафонның басты кейіпкеріне айналды. Жарыс жолына 300 бала шығып, жас ерекшеліктеріне қарай 500, 1000 және 2000 метр қашықтықта жекелей бақ сынады.

Айта кетейік, Summer Relay жарысы биыл 27 қыркүйекте өтетін 15-ші мерейтойлық Almaty Marathonына дайындық.

«Бүгінгі жарыста бірнеше қашықтық ұйымдастырылады. Біріншісі балаларға арналған, 4 жастан 14 жасқа дейін. Одан кейінгі жарыс – эстафета, 10 шақырым жүру.Бір он шақырымды әр бес адам жүгіреді. Әр қатысушы 2 шақырымнан жүгіріп өтетін болады. Жедел жәрдем 2 автокөлігі, 2 карета қалашықта орналасқан және де 5 велодәрігер бар. Олар қашықтық бойы жүріп отырады және де олар арасында рациямен бір-біріне хабарлап отырады», – деді ұйымдастырушы Бекзат Ахметқазы.

Оқи отырыңыз: Қазақстандық параволейболшылар Әлем чемпионатынан жүлдемен оралды