Алматыда АТР 250 турнирінің іріктеу сайыстары басталды

ktf.kz
ktf.kz

Матчтар Almaty Arena корттарында басталады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін Алматыда Almaty Open АТР 250 турнирінің іріктеу сайыстары өтеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметінен хабарлағандай, матчтар сағат 10.00-де Almaty Arena корттарында басталды.

Жарысқа арнайы шақырту алған 16 жастағы Әмір Омарханов орталық кортқа екінші болып шығады. 

Ә.Омарханов бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингіде кезінде 21-орынға дейін көтерілген, жекелей сында ATP турнирлерінің екі дүркін чемпионы, 2015 жылы Ұлыбритания құрамасы сапында Дэвис кубогын жеңіп алған Дэниел Эванспен өткізеді.

Көп оқылған: Талғардағы қанды оқиға: марқұм Шерзаттың отбасы тұратын үйді белгісіз біреулер өртеп жіберген

Қазақстандық тәжірибелі теннисші Михаил Кукушкин іріктеу сайыстарының алғашқы айналымында өзбекстандық Хумаюн Сұлтановты сынап көреді. Ал Денис Евсеев ливандық Бенжамин Хассанмен шеберлік байқасады.

«Қазақстан аумағында ойындардан Қазақстан теннис федерациясының сайтында (ktf.kz), сондай-ақ Qazsport және Insport спорттық телеарналарында тікелей көрсетілімдер жоспарланған», - делінген хабарламада. 

Оқи отырыңыз: Станислав Черчесов Қазақстан құрамасының атына айтылған сынға жауап берді

Новости партнеров