Алматыда дзюдодан Азия кубогы өтеді

26.06.2025 13:40

Дүбірлі дода «Балуан Шолақ» атындағы спорт кешенінде өтеді

Almaty.tv

3–6 шілде аралығында Алматыда Бекет Махмұтовты еске алуға арналған кадеттер мен жастар арасындағы Азия кубогы өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Турнирге Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Ливан, Моңғолия, АҚШ және Халықаралық дзюдо федерациясының құрамасы секілді елдерден 700-ден астам балуан қатысады деп күтілуде.

Дүбірлі дода «Балуан Шолақ» атындағы спорт кешенінде өтеді.

Азия кубогы аясында төрешілер мен бапкерлерге арналған халықаралық семинар ұйымдастырылады. Оған Польша, Мысыр, Оңтүстік Корея, Қырғызстан, Үндістан, Иран, Нидерланд, Жапония және Сауд Арабиясынан келген 80 маман қатысады.

Дереккөз: Федерацияның баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз: Астанада ауыр атлетикадан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионаты өтеді