Бас аренада қонақтарды еліміздің үздік шабандоздарының көкпар, аударыспақ, теңге ілу, жамбы ату, қыз қуу, бәйге (Аламан, Құнан) сайыстары күтеді
2025 жылдың 5 қазанында Алматы ипподромы Ұлы Даланың күш-қуаты, ептілігі мен рухын тоғыстырған алаңға айналады. Ипподромда ұлттық спорт түрлері мен дәстүрлерді жаңғыртуға және насихаттауға бағытталған мәдени-спорттық мереке “Ұлы Дала Ойындары” фестивалі өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бас аренада қонақтарды еліміздің үздік шабандоздарының көкпар, аударыспақ, теңге ілу, жамбы ату, қыз қуу, бәйге (Аламан, Құнан) сайыстары күтеді.
“Бәйге” сайысындағы жүлде қоры 5 миллион теңге. Бұл фестивалдегі басты күтілетін оқиға. Сайыста жылдамдық, төзімділік пен шеберлік сыналады.
Сондай-ақ, фестиваль аясында қазақ күресі, асық ату, қол күресі, салмақ көтеру, садақ ату секілді ұлттық және күш сайыстары өткізіліп, еліміздің түкпір-түкпірінен келген шеберлердің еңбектері ұсынылатын этно-жәрмеңке өтеді.
Қонақтар:
– Теріден, ағаштан, металдан және киізден жасалған бұйымдарды,
– дәстүрлі қолөнер бойынша шеберлік сабақтарды тамашалайды.
– Мәдени дәстүр иелерімен тікелей байланыса алады.
Басталуы: сағат 10:00-де.
Кіру: тегін
Оқи отырыңыз: Алматы әкімі экономиканың негізгі салаларын дамытуға арналған 8 жобаны қарады