Жастар волейбол, баскетбол және футболдан өзара бақ сынады
Алматыда колледж студенттері арасында спорттық сайыс өтті. Республика күніне орай ұйымдастырылған жарыста жастар волейбол, баскетбол және футболдан өзара бақ сынады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Салауатты өмір салтын насихаттап, бұқаралық спортты дамытуға бағытталған іс-шараға Түрксіб аудандық комьюнити орталығы мұрындық болды. Сайыс соңында жеңімпаз атанған құрамаларға арнайы кубок табысталса, қалған қатысушылар медалдармен марапатталды.
"Жастарды спортқа баулу - негізгі мақсатымыз. Спорт арқылы жастарға Президенттің идеолгиясын таныстыру, «Заң мен тәртіп», «Таза Қазақстан», «Адал азамат» сияқты Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамаларын жастарға осы іс-шаралар арқылы насихаттау. Жастар өте көп өтінім қалдырады", - деді Түрксіб ауданы Жастар комьюнити орталығының жетекшісі Асылхан Нұрқабай.
Оқи отырыңыз: Қазақстандық балуандар әлем чемпионатында тағы үш медаль жеңіп алды