Алматыда мәнерлеп сырғанаудан Денис Тен мемориалы өтіп жатыр

09.10.2026 11:37

Софья Самоделкина қысқа бағдарламадан кейін үшінші орынға тұрақтады

t.me/olympickz

Алматыда мәнерлеп сырғанаудан ISU Challenger Series халықаралық сериясына кіретін Денис Тен мемориалы өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, Қазақстан құрамасының мәнерлеп сырғанаушысы Софья Самоделкина Алматыда өтіп жатқан Денис Тен мемориалында қысқа бағдарламадан кейін үшінші орынға тұрақтады.

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы төрешілердің шешімімен 69,45 ұпай еншіледі.

Бейтарап ту астында өнер көрсетіп жатқан ресейлік Александра Игнатова аралық есепте көш бастады. Ол 77,39 ұпай жинады. Екінші орында Оңтүстік Корея өкілі Юджае Ким - 75,99 ұпай.

Сондай-ақ қысқа бағдарламада Қазақстан атынан Нұрия Сүлеймен (44,88 ұпай, 13-орын), Алика Халимова (44,68, 14-орын), Амира Ирматова (42,03, 16-орын), Зере Сарбалдина (41,92, 17-орын) және Амина Алексеева (32,68, 19-орын) өнер көрсетті.

Еркін бағдарлама 9 қазанда өтеді.

Ал ерлер арасындағы жекелей сында қысқа бағдарлама аяқталды. Қазақстандық Диас Жиренбаев төрешілердің шешімімен 66,11 ұпай еншілеп, жетінші орынға тұрақтады.

Алғашқы үш орынды бейтарап мәртебеде өнер көрсетіп жатқан ресейлік мәнерлеп сырғанаушылар иеленді. Владислав Дикиджи 107,31 ұпаймен көш бастаса, Глеб Лутфуллин 95,79 ұпаймен екінші орынға жайғасты. Ал Пётр Гуменник 80,63 ұпай жинап, үздік үштікті түйіндеді.

Айта кетейік, ерлер арасындағы еркін бағдарлама 10 қазанда өтеді.

Оқи отырыңыз: Алматыда балалар эндовидеохирургиясы бойынша шеберлік сағаты өтті

Толық көрсету