Алматыда Республика күніне орай үстел теннисінен турнир өтті

25.10.2026 18:57

Салауатты өмір салтын ту еткен байқауда 100-ге жуық адам 4 санат бойынша бақ сынасты

Алматыда Республика күніне орай спорт фестивалі аясында үстел теннисінен турнир өтті. Жарысқа қаланың әуесқой спортшылары қатысып, өзара үздіктер анықталды. Салауатты өмір салтын ту еткен байқауда 100-ге жуық адам 4 санат бойынша бақ сынасты. Жалпы, 24 қазан басталған ауқымды фестиваль жеті спорт түрін қамтып, оған 2 мыңға жуық әуесқой спортшы тартылған. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы сыйлықтар табысталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Бүгінгі жарыс республика күніне орай ұйымдастырылған фестивальдің шешуші нүктесі деуге болады. Қатысушылар 4 санатқа бөлінді. Жас ерекшеліктеріне байланысты. Үстел теннисін сүйер қауым алдын ала сайтта тіркеліп, өтінім қалдырған. Қазір бірінші айналым өтуде. Жеңімпаздарға құнды сыйлықтарымыз бар", - деді бас төрешінің көмекшісі Зәуре Омарова.

Оқи отырыңыз: Теннисші Елена Рыбакина Ниньбодағы WTA 500 турнирінде топ жарды

Толық көрсету