Алматыда спорттық құзға өрмелеуден Қазақстан чемпионаты аяқталды

17.05.2026 16:43

Жарыстың соңғы күні жылдамдық сайысының жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды

Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі

Алматы қаласында спорттық құзға өрмелеуден ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінен хабарлағандай, жарыстың соңғы күні жылдамдық сайысының жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды.

Нәтижелері мынадай:

Ерлер:

  • Әлішер Мұрат (Қарағанды облысы);
  • Рашид Хайбуллин (Алматы қаласы);
  • Ришат Хайбуллин (Алматы қаласы).

Әйелдер:

  • Анна Баларшина (Қарағанды облысы);
  • Тамара Ұлжабаева (Шымкент қаласы);
  • Әсель Марленова (Астана қаласы).

Командалық есеп:

  • Қарағанды облысы (279 ұпай);
  • Алматы қаласы (223 ұпай);
  • Шымкент қаласы (167 ұпай).

Айта кетейік, аталған бағдарлама бойынша ел чемпионатына барлығы 60-қа жуық спортшы қатысты.

Сондай-ақ марапаттау рәсімінде жуырда Қытайдың Санья қаласында өткен VI Азия жағажай ойындарының қола жүлдегерлері Ришат пен Рашид Хайбуллиндерге федерация атынан ақшалай сыйлықтар табысталды.

Оқи отырыңыз: Шежіреден – болашаққа: Президент телерадиокешенінің кинолекторийі басталады