Лиганың ақпараттық серіктесі – «Алматы» телеарнасы
Алматыда студенттер арасындағы спорт лигасына көктемгі іріктеу басталады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Футбол, волейбол және баскетбол бойынша өтетін доп додасына шаһардағы 35 жоғары оқу орнының командасы қатыспақ. Жастар арасында бұқаралық спортты дамытуды көздейтін бастама – қала әкімдігінің тікелей қолдауымен жүзеге аспақ.
Айта кетейік, келесі оқу жылынан бастап студенттік лига тұрақты чемпионат форматында өтпек. Бұл жастардың жарыс тәжірибесін жүйелі түрде толықтырып, жоғары оқу орындарында спорт мәдениетін тереңдетуге жол ашады.
Лиганың ақпараттық серіктесі – «Алматы» телеарнасы.
«Турнир спорт федерацияларымен бірлесіп ұйымдастырылып отыр. Ойындар әділ әрі объективті өтуі үшін төрелік ететін қазылар алқасын да арнайы шақырдық. Алдағы уақытта матчтар YouTube арналары арқылы тікелей көрсетілетін болады. Сонымен қатар қатысушылар үшін арнайы тіркеу сайттары бар. Мұнда барлық ойындардың статистикасы сол жерге енгізіліп отырады. Бұл жарысты заманауи форматта ұйымдастыруға мүмкіндік береді», – деді Алматы футбол федерациясының басшысы Бауыржан Талғатұлы.
Оқи отырыңыз: Милад Карими Дохадағы әлем кубогы кезеңінде алтын медаль жеңіп алды