Алматыда тұңғыш рет хоккейден Азия чемпионаты өтеді

03.10.2024 в 16:57

Турнир 2024 жылғы 6-9 қарашаға жоспарланған

facebook.com/kazakhstanhockey

Халықаралық хоккей федерациясы (ИИХФ) аясында тарихта тұңғыш рет хоккейден Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Оlympic.kz-ке сілтеме жасап.

Турнир 2024 жылғы 6-9 қарашаға жоспарланған. Чемпионат Алматыдағы Halyk Arena стадионында өтпек. 

«Қазақстан құрамасының қарсыластары Жапония, Корея және Қытай командалары болады», - делінген Қазақстан хоккей федерациясының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.  

Соңғы рет Halyk Arena-да халықаралық хоккей жарыстары 2017 жылғы Универсиада аясында өткен. Ол кезде біздің студенттік құрама күміс жүлделерді еншілеген болатын.

Еске салсақ, хоккейден әйелдер арасындағы Азия чемпионаты 2024 жылғы 31 қазан мен 3 қараша аралығында Қытай астанасы Бейжіңде өтеді. Чемпионатқа Қазақстан, Жапония, Корея және Қытай елдерінің құрамалары да қатысады.

Айта кетелік, алдағы турнирлер 2025 жылғы 7-14 ақпан аралығында Қытайдың Харбин қаласында өтетін Азия ойындарына дайындық жарыстары болып саналады.

Оқи отырыңыз: Алматыда әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне гранттар беруге конкурс жарияланды