Алматыда үстел теннисінен командалық чемпионаттың екінші кезеңі өтуде

27.06.2025 16:08

Жарыстың алғашқы кезеңі наурыз айында ұйымдастырылған

Алматыда үстел теннисінен Қазақстан Республикасының ашық командалық чемпионатының екінші кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Спорттық сайысқа қатысуға 5,6,7 лига деңгейінде 12 команда ынта білдірген. Ақтық дода желтоқсанда ұйымдастырылып, топ жарғандар сол кезде анықталады екен. Айта кетейік, жарыстың алғашқы кезеңі наурыз айында ұйымдастырылған еді.

«Турнир 27-29 маусым аралығында ұйымдастырылады. Келесі кезең тамыз айында Ақтөбе қаласында өтеді. Сонда жалпы ойыншылар 4 турдан өтіп, ішінен үздіктерін таңдаймыз. Қазір екінші кезеңі өтіп жатыр», – деді төреші Александр Перевалов.

Оқи отырыңыз: Еліміздің барлық пойызы бейнекамерамен жабдықталады