Алматыда жасөспірімдер арасында тоғызқұмалақтан чемпионатта 180 жас спортшы бақ сынайды

Сайыс 23 қарашаға дейін жалғасады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда жасөспірімдер арасында тоғызқұмалақтан Әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Дода ұлттық ойынды халықаралық деңгейде дәріптеп қана қоймай, жас буынның зияткерлік қабілетін дамытуға бағытталған. Чемпионат онлайн-офлайн түрде, классика, рапид және блиц форматтарында өтіп жатыр. Жаһандық жарыста әлемнің 21 елінен келген 180 жас спортшы бақ сынайды. Оның ішінде Орта Азия мемлекеттерімен қатар, Пәкістан, Қытай, Үндістан, Германия, Италия, Корея, Түркия және Шығыс Еуропадан келген қатысушылар бар. Сайыс 23 қарашаға дейін жалғасады.

«Әлем бойынша тоғызқұмалаққа қызығушылық артып келеді. Мәселен, 40-тан астам елде халықаралық деңгейдегі жарыстар ұйымдастырылып тұрады. Сондай-ақ келесі жылы тоғызқұмалақты «Көшпенділер» ойындарының бағдарламасына қосу жоспарланып отыр», – деді Тоғызқұмалақтан ұлттық құраманың бас бапкері Айнұр Жақыпбаева.

Оқи отырыңыз: Алматыда күрес залы ашылды

 

Новости партнеров