Алматылық «Қайрат» - әлемнің үздік футзал клубы атағына үміткер

06.01.2026 08:58

Жүлде иегері 7 қаңтар күні анықталады

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматылық «Қайрат» футзал клубы беделді халықаралық Futsal Planet Awards 2025 сыйлығының номинанттары қатарына енді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Команда «Әлемнің үздік футзал клубы» атағына таласады.

Алматылық ұжым бұл номинацияда Испания, Аргентина, Бразилия, Италия, Таиланд және Уругвайдың алдыңғы қатарлы клубтарымен бәсекеге түседі.

Жүлде иегері 7 қаңтар күні анықталады.

Ал ақпанның 23-і «Қайрат» Чемпиондар лигасының ширек финалында Испанияның «Картахена» клубымен бірінші кездесуін өткізеді. Матч Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді.