Алматылық шахматшы қыз Азия чемпионатында алтын медаль алды

11.05.2025 17:25

18 жастағы Алуа Нұрман әлемдік жұлдыздарды артта қалдырды

Аlmaty.tv

18 жастағы алматылық шахматшы Алуа Нұрман Азия чемпионатында блицтен алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Аlmaty.tv Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алуа Нұрман Валентина Гунина бастаған әлемдік жұлдыздарды артта қалдырып, 6 партия қатарынан жеңіске жетті.

«Соңғы турда Ксения Балабаеваны жеңіп, қосымша көрсеткіштер бойынша Гунинадан озып кетті», - делінген федерация хабарламасында.

Нәтиже:

  • Алуа Нурман (Қазақстан) — 7½ ұпай;
  • Валентина Гунина (FID) — 7½;
  • Сун Юйсинь (Қытай) — 7.

Топ-10-ға енген басқа қыздарымыз:

  • Елназ Калиахмет — 5-орын (Лагноны жеңді);
  • Ксения Балабаева — 7-орын;
  • Лия Курмангалиева — 10-орын.

Оқи отырыңыз: Тәулігіне 6 сағаттан аз ұйықтаудың денсаулыққа зияны қандай