Астанада 15 жастағы шахматшы Қазақстан чемпионы атанды

14.05.2026 09:57

Сауат Нұрғалиев 13 турда 9 ұпай жинады

Аlmaty.tv

Астана қаласында (Coventry University Kazakhstan) классикалық шахматтан өтіп жатқан ерлер арасындағы Қазақстан чемпионатында жаңа чемпион шықты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің хабарлауынща, Сауат Нұрғалиев 15 жасында алтыннан алқа тағып, сенсация жасады.

Ол 13 турда 9 ұпай жинады. Бүгінгі шешуші ойындағы тең ұпай оның көш басында қала беруіне кедергі болған жоқ.

Ерлер (Open) жүлдегерлер:

  • IM Сауат Нұрғалиев (2464, Астана) 9 ұпай;
  • IM Жандос Ағманов (2473, Астана) 8,5 ұпай;
  • GM Рамазан Жалмаханов (2464, Алматы) 8 ұпай.

Әйелдер арасында да тартыс соңғы сәтке дейін сақталды. Нәтижесінде алғашқы төрттіктегі шахматшыда бірдей ұпай. Орындар тек қосымша көрсеткіш бойынша анықталды.

Жүлдегерлер:

  • Лия Құрманғалиева, 9 балл;
  • Зарина Нұрғалиева, 9 балл;
  • Елназ Қалиахмет, 9 балл.

Оқи отырыңыз: Ауыр қылмыстарға қатысы бар қылмыстық топтың жолы кесілді - ІІМ