Астанада әлем чемпиондары Айбек Оралбай мен Санжар Ташкенбайды қарсы алды

Depositphotos
Depositphotos

Бокс бойынша әлем чемпиондарының келуіне жүзден астам адам жиналды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астанадағы әуежайда Айбек Оралбай мен Санжар Ташкенбайды салтанатты түрде қарсы алды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бокс бойынша әлем чемпиондарының келуіне жүзден астам адам жиналды.

Атмосфера шынымен де мерекелік болды: жанкүйерлер спортшылардың есімін ұрандатты, тарихи жеңісімен құттықтап, естелік суретке түсіп үлгеруге тырысты.

Айбек Оралбай Ливерпулде өткен әлем чемпионатында 90 келіден жоғары салмақта сынға түсіп, финалда өзбекстандық Жахонгир Зокировты жеңіп, ауыр салмақта чемпион атанды.

Санжар Ташкенбай 50 келі салмақ дәрежесінде Қазақстанға алғашқы «алтынды» әкелді, ол финалда Моңғолия боксшысы Баттулга Алдаркишигті тізе бүктірді.

Оқи отырыңыз: Алматы аялдамасы: қала күні қарсаңында көшпелі концерт өтті

Новости партнеров