Фин тосқауылы: «Қайрат» келесі кезеңге өту үшін КуПС-пен кездеседі

22.07.2025 09:45

Бүгін «Қайрат» Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчын Финляндияда өткізеді

instagram.com/f.c.kairat

Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы матч финдік КуПС пен алматылық «Қайрат» арасында 22 шілдеде Куопио қаласында өтеді. Басталуы — Астана уақытымен 20:00-де, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сарапшылардың пікірінше, алғашқы матчта командалардың мүмкіндіктері шамалас, дегенмен алаң иелері сәл басымдыққа ие.

Алдыңғы кезеңде «Қайрат» словениялық «Олимпияны» жалпы есеппен 3:1 есебімен жеңіп, келесі кезеңге өтті. Ал КуПС молдовандық «Милсамиді» 1:0 есебімен ұтты.

«Қайраттан» бөлек, Қазақстанды еурокубоктық жарыстарда «Астана» мен «Ақтөбе» де таныстырады. Екі команда да Конференциялар лигасының екінші кезеңінен бастап, тиісінше «Зимбру» (Молдова) және Праганың «Спарта» клубтарына қарсы ойнайды.

Оқи отырыңыз: 500 мың теңге кредит алдым: Бішкектегі Азия чемпионатына қатысатын құрамаға бірыңғай спорттық форма берілмеген

Теги: спорт