Спортшы 61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды
Ауыр атлетикадан Перу астанасы Лимада өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының өкілі Бейбарыс Ерсейіт жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Оlympic.kz-ке сілтеме жасап.
Спортшы 61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды.
Қоссайыстың жалпы есебінде қазақстандық зілтемірші 262 келіні (117+145) көтерді.
Күміс жүлде түркиялық спортшы Рамазан Йылмазға бұйырды — 261 келі (108+153). Ал үздік үштікті ресейлік Абубакар Цакаев қорытындылады — 252 келі (113+139).
Оқи отырыңыз: Алматыда «Бірлік жүгірісі» марафоны өтті