Азия чемпионаты: Ақжол Құрманбек жасөспірімдер арасында топ жарды

13.08.2026 12:37

Ауыр атлет 85 келіге дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алды

AWF

Өзбекстанның Ташкент қаласында ауыр атлетикадан жас жеткіншектер мен жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты жалғасуда, деп хабарлайды Almaty.tv

Ұлттық олимпиада комитетінен хабарлағандай, Қазақстандық ауыр атлет Ақжол Құрманбек жасөспірімдер арасында 85 келіге дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алды.

Отандасымыз қоссайыстың қорытындысы бойынша 358 (160+198) келіні еңсерді. 

Сондай-ақ дәл осы салмақта Ерасыл Сәулебеков 351 (154+197) келіні көтеріп, қола жүлдегер атанды.

Ал күміс жүлдені өзбекстандық Хикматилло Хайдаров жеңіп алды - 357 (161+196) келі.

Оқи отырыңыз: Теннисші Елена Рыбакина Канададағы «мыңдық» турнирдің финалына шықты

Толық көрсету