Қазақстандық спортшы 200 метрге кешенді жүзуден финалға жолдама алған болатын
Жүзуден Қазақстан құрамасының өкілі Айбат Мырзамұратов Аичи мен Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ұлттық олимпиада комитетінен хабарлағандай, қазақстандық спортшы 200 метрге кешенді жүзуден финалға жолдама алған болатын.
Айбат ақтық сында 2:00.37 уақыт нәтижесін тіркеп, жетінші орынмен жарысты аяқтады.
Бірінші орынды жапониялық Томоюки Мацусита иеленді - 1:55.30. Оның отандасы Юмэки Кодзима екінші орын алды - 1:55.36. Қытайлық Шун Ван үздік үштікті түйіндеді - 1:57.14.
Оқи отырыңыз: Есірткі қылмысы: ІІМ балалардағы алаңдататын белгілерге назар аударуға шақырды