Қазақстандық жүзгіштер Азия Пара ойындарында күміс медаль жеңіп алды

23.10.2026 08:40

Ұлттық құрама сапында Наталья Звягенцева, Айсұлтан Кулькеев, Сиязбек Далиев және Зульфия Ғабидуллина өнер көрсетті

Depositphotos.com

Қазақстан құрамасы жүзуден Аичи және Нагояда (Жапония) өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Отандастарымыз 4×50 метрге еркін стильде жүзуден аралас эстафетада екінші орын алды. Қазақстандық спортшылар қашықтықты 2 минут 48,99 секундта жүзіп өтті.

Ұлттық құрама сапында Наталья Звягенцева, Айсұлтан Кулькеев, Сиязбек Далиев және Зульфия Ғабидуллина өнер көрсетті.

Жарыста Қытай құрамасы 2 минут 25,22 секунд нәтижесімен топ жарды. Ал Таиланд өкілдері 2 минут 54,64 секунд көрсеткішімен қола медаль жеңіп алды.

Толық көрсету