Азия чемпионаты: Бангкокта дзюдодан екі қазақстандық спортшы қола жүлдеге ие болды
olympic.kz
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының балуаны Шерзод Давлатов пен Ғалия Тынбаева қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Шерзод Давлатов 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғады. Қола жүлде үшін өткен белдесуде Шерзод өзбекстандық Бахром Ботуровты жеңді.
Ғалия Тынбаева 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Тайбэйден барған Чен Хао Линьге қарсы шықты. Қазақстандық дзюдошы белдесуді сенімді өткізіп, жеңіске жетті.
Сондай-ақ Нұраділ Әлжан қола медаль үшін күрескен еді. Алайда тәжікстандық Мухаммадсалех Куватовқа есе жіберді.
Оқи отырыңыз: Азия чемпионаты: Бангкокта дзюдодан төрт қазақстандық спортшы финалға шықты
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
31.10.2026 14:34
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
31.10.2026 09:50
Суық тигенде қандай қателіктерге жол бермеу керек
31.10.2026 10:36
Жалақы уақытында берілмесе қайда шағымдану керек
30.10.2026 20:31