Өзбек боксшысы ережелерді өрескел бұзған
Қазақстандық боксшы Абылайхан Жүсіпов Тайландтың Чиангмай қаласында өткен Азия чемпионатының жеңімпазы деп танылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Оlympic.kz-ке сілтеме жасап.
Бұған дейін 71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында Жүсіпов Хавасбек Асадуллаевқа есе жіберген еді.
"Алайда 11 желтоқсанда Қазақстан бокс федерациясы IBA және ASBC ұйымдарына ресми наразылық хат жолдады. ҚБФ ресми хатында Абылайхан Жүсіпов пен Хавасбек Асадуллаев арасындағы жекпе-жекте өзбек боксшысының ережелерді өрескел бұзғаны атап көрсетілген", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар шаршы алаңда сербиялық төреші Джованна Угреновичтің қателікке бой алдырғаны атап өтілген. Ал Қазақстан тарапы наразылықты дәлелдеу үшін фото және бейнематериалдар ұсынды.
Нәтижесінде IBA мен ASBC жекпе-жекті қайта қарап, алтын медальді Жүсіповке беру туралы шешім қабылдады. Асадуллаев белгілі бір мерзімге жарыстардан шеттетілді.
Оқи отырыңыз: Бокстан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы нешінші орын иеленді