Бекасыл Асамбек U20 әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

20.08.2026 21:47

Ширек финалда қазақстандық балуан ресейлік Зелимхан Чаниевті сенімді түрде жеңді

Ұлттық олимпиада комитеті

Қазақстандық еркін күрес шебері Бекасыл Асамбек Братиславада (Словакия) өтіп жатқан U20 әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Almaty.tv 

Ширек финалда қазақстандық балуан ресейлік Зелимхан Чаниевті сенімді түрде жеңді.

Бекасылдың келесі қарсыласы жапониялық Ицуки Енасиро болмақ.

Жартылай финал  20 тамызда өтеді.

Оқи отырыңыз: Әлем чемпионаты: қазақстандық балуан алтын еншіледі

Толық көрсету