Әбиба Әбужақынова алғаш рет дзюдодан әлем чемпионатының финалына шықты

13.06.2025 19:44

Ол бұған дейін әлем чемпионатының финалында бірде-бір рет белдеспеген

Аlmaty.tv

Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Әбиба Әбужақынова Будапештте өтіп жатқан әлем біріншілігінде алтын жүлде үшін бақ сынайды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Оlympic.kz-ке сілтеме жасап.

Отандасымыз 48 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында испаниялық Лаура Мартинес Абелендамен белдесті.

«Нәтижесінде испаниялық споршы үш қателік жіберіп, Әбиба финалға жолдама алды», - делінген хабарламада.

Финалда Әбужақынова Италия өкілі Асунта Скутто мен франциялық Ширин Букли арасындағы белдесуде жеңіске жеткен спортшымен күреседі.

Айта кетейік, Әбиба бұған дейін әлем чемпионатының финалында бірде-бір рет белдеспеген. Оның еншісінде әлем біріншілігінің екі қола медалі бар.

Оқи отырыңыз: Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин басшы қызметке тағайындалды