Әбиба Әбужақынова әлемдік рейтингте бірінші орынға көтерілді

20.09.2025 16:26

Әлемдік рейтингтің топ-15 қатарына тағы үш қазақстандық енді

instagram.com/abiba48

Қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде әлемдік рейтингте бірінші орынға шықты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Әбибаның қоржынында 5021 ұпай бар. Екінші орында ресейлік Сабина Гилязова (4738), үшінші сатыда италиялық Ассунта Скутто (4727).

Әлемдік рейтингтің топ-15 қатарына тағы үш қазақстандық енді: Ғұсман Қырғызбаев (66 кг) – 12-орын, Елдос Сметов (60 кг) – 15-орын, Абылайхан Жұбаназар (81 кг) – 15-орын.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық дзюдошылардан IJF рейтингінде тек Сметов пен Галбадрах Отгонцэцэг бірінші орынға көтерілген еді.

Оқи отырыңыз: Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатында сенсация жасады