Бұл ойын түріне ден қойғандар – күрделі диагнозы бар, яғни тірек-қимыл аппараты бұзылған жандар
Қазақстандық Бочча федерациясы аз уақыт ішінде халықаралық Бочча федерациясына ресми мүше болды. Бұл– ерекше қазақстандық спортшылар үшін жаңа мүмкіндіктер ашты. Қазір ел аумағында ұжымның 10 филиалы жұмыс істеп тұр. Соның бірі – құрылғанына бір жылдан асқан Алматы Бочча федерациясы, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Алғаш ежелгі Грекияда пайда болған ойын түрінің Қазақстанға келгеніне көп болмады. Федерация дарынды спортшылардың кәсіби біліктілігін арттыру және оларды халықаралық жарыстарға, соның ішінде Паралимпиада ойындарына шығару мақсатында құрылған. Ұжым мақсатқа жету жолында үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Алматылық Эльмира Мусралиева бірнеше жылдан бері осы спорт түрімен айналысады. Отандық және халықаралық сайыстардың жүлдегері жуырда болатын тағы бір жарыстан жүлделі қайтатынына сенімді.
«Бұған дейін спорттың басқа түріне барып көрдім. Бірақ ұнамайды. Ал осы спорт жаныма жақын, кәдімгідей ләззат аламын. Сәуірде Бахрейнге барамыз. Қазақстанның атын шығарамын деп үміттеніп отырмын», – деді Боччадан Қазақстан чемпионы Эльмира Мусралиева.
Бүгінде ел бойынша 250-ге жуық адам боччамен кәсіби түрде айналысады. Бұл ойын түріне ден қойғандар – күрделі диагнозы бар, яғни тірек-қимыл аппараты бұзылған жандар. Зәуре Итенова – боччаны Алматыда алғаш қолға алғандардың бірі. Ол 10 жастағы арбаға таңылған қызының пайдалы спорт түрімен айналысқанын қалаған.
«Ерекше балаларға, тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға өте пайдалы. 2021 жылы 3-4 баладан бастадық, 10 бала келді. Ал қазір 40 шақты бала спорт түрімен айланысып жүр, – деді ата-ана Зәуре Итенова.
«Бочча – өте қызықты ойын. Бұл спорт түрі күрделі диагнозы бар мүгедектігі бар жандарға арналған. Біз үшін әрбір спортшы – жеке тұлға. Арнайы жаттығу кезінде оларға арбаларды таңдап беріп, қолы мен аяғын бекітіп, барынша жағдай жасаймыз. Жаңа қосылған спортшының нақты қандай қабілетә барын алдын ала білу қиын. Себебі, ол жаттығу барысында өзін жаңа қырынан танытады, – деді қалалық Бочча федерациясының бас жаттықтырушысы Асан Итенов.
Ойын ережесі бойынша бастапқы ақ допты лақтыратын ойыншы жеребе арқылы анықталады. Келесі лақтыру кезінде ойыншылар қолындағы добын ақ доптың қасына түсіруге тырысады. Одан кейін қай ойыншы немесе топтың лақтырғаны әуелгі доптың қасына жақын түскені есептеліп, жеңімпаз анықталады. Сонымен қатар бұл ойын түрі арнайы ойын алаңын қажет етпейді. Кез келген үй ауласында да айналысуға мүмкіндік бар.
«Федерацияны былтыр ашып, оны аккредитациядан өткіздік. Қалдаа «Алматы спорт клубының» арнайы бөлімшесін аштық. Бұл– спортшыларға мемлекеттік қолдауды алу мүмкіндігі. Сол жасаған жұмыстардың қорытындысы ретінде біз былтыр ҚР кубогында 2-орынға жеттік. Бұл – біз үшін тарихи сәт!» – деді қалалық Бочча федерациясының президенті Мейіржан Отыншиев.
Бүгінде федерация мүгедектігі бар жандар үшін спортты қолжетімді етіп, олардың жаңа белестерді бағындыруына мол мүмкіндік туғызуда. Сонымен қатар спортшыларды республикалық және халықаралық жарыстарға жоғары деңгейде дайындау да қарастырылған. Сондай-ақ алдағы уақытта сұраныс артса, қаланың әр ауданында бөлімдер ашу жоспарда бар.
Олжас Омарбек, Жақсылық Тілепберген
Оқи отырыңыз: Виктор Друзин әртістік жүзуден әлем кубогы кезеңінде жеңіске жетті
Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении!