Әлем чемпионаты: бокстан Қазақстан құрамасы топ жарды

04.11.2024 14:10

Қоржынға 6 алтын, 1 күміс, 10 қола медаль түсті

Бокстан жастар арасында өткен әлем біріншілігінде Қазақстан құрамасы топ жарды. 6 алтын, 1 күміс, 10 қола медалді еншілеген спортшылар командалық есепте бірінші орынға көтеріліп, бұрын тіркелмеген тарихи нәтижеге ие болды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алтын алғандардың қатарында Бексұлтан Боранбек, Өнер Сейілхан, Санжар-Али Бегалиев, Елянур Турганова, Аружан Зейноллаева және әлем чемпионатының ең үздік боксшысы атанған отандасымыз Төрехан Сабырхан бар.

Еске салайық, төрткүл дүние көз тіккен байрақты бәсекеге 73 елдің 600-ден аса спортшысы қатысты.

Оқи отырыңыз: Шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы қола жүлде алды