Чемпиондар лигасы: «Қайрат» - «Олимпиакос» кездесуінде алғашқы минуттан кімдер шығады

Almaty.tv
Almaty.tv

«Астана-арена» стадионында өтетін ойынды 9 желтоқсан күні сағат 20:20-да басталады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Футболдан UEFA Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінің алтыншы турында алматылық «Қайрат» пен Грекияның «Олимпиакос» командалары алғашқы минуттан жасыл алаңға шығатын негізгі құрамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Астана-арена» стадионында өтетін ойынды 9 желтоқсан күні сағат 20:20-да басталады.

Кездесуді «Qazaqstan» ұлттық телеарнасынан тікелей эфирде тамашалауға болады.

«Қайрат»: ​Темірлан Анарбеков (Қ) (К) – Луиш Мата, ​Александр Широбоков, Егор Сорокин, Еркін Тапалов – Олжас Байбек, Дан Глейзер, Александр Мрынский, Гиорги Зария – Рикардиньо, Эдмилсон;

Қосалқы құрам: Данила Буч (Қ), Шерхан Калмұрза (Қ) – Александр Мартынович, Лев Кургин – Дамир Қасаболат, Әділет Садыбеков, Юг Станоев, Валерий Громыко, Азамат Тұяқбаев – Жоржиньо;

«Олимпиакос»: Костас Дзолакис (Қ) – Франсиско Ортега, Жюльян Бьянкон, Лоренцо Пирола, Родиней (К) – Сантьяго Эссе, Христос Музакитис, Шикинью – Желсон Мартинш, Даниэл Поденсе, Айюб эль-Кааби;

Қосалқы құрам: Николаос Ботис (Қ), Георгиос Кураклис (Қ) – Бруно Оньемаечи, Коштинья, Алексиос Калогеропулос – Диогу Насименту, Дани Гарсия, Лоренцо Шипиони – Габриэль Стрефецца, Роман Яремчук, Ставрос Пневмонидис, Мехди Тареми;

Алматылық команда Чемпиондар лигасының турнирлік кестесінде бір ұпаймен 35-орында келеді. Аталған турнирде «Қайрат» португалиялық «Спортингтен» 1:4, испаниялық «Реал Мадридтен» 0:5, италиялық «Интерден» 1:2, даниялық «Копенгагеннен» 2:3 есебімен жеңіліп қалды. Ал кипрлік «Пафос» командасымен 0:0 есебімен тең түсті.

«Олимпиакос» командасы болса турнирлік кестеде 2 ұпаймен 33-орында келеді. Бұған дейін кипрлік «Пафоспен» 0:0, нидерландтық ПСВ клубымен 1:1 есебімен тең түссе, англиялық «Арсеналдан» 0:2, испаниялық «Барселонадан» 1:6, испаниялық «Реал Мадридтен» 3:4 есебімен жеңілді.

 

 

Новости партнеров