Қазақстан құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионатын сәтсіз бастады

07.11.2024 14:20

8 қарашада Қазақстан хоккейшілері Қытайға қарсы ойнайды

elements.envato.com

Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы Алматыда болып жатқан Азия чемпионатының алғашқы ойынында жеңіліс тапты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Оlympic.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандықтар Оңтүстік Кореямен ойнап, 4:1 есебімен қарсыласына жол берді.

Оңтүстік Корея – Қазақстан 4:1 (0:0, 2:1, 2:0)

1:0 – 20:56 – О Ингё

1:1 – 23:51 – Борисевич (Преснов)

1:2 – 34:46 – Чон Хохён

1:3 – 58:03 – Ким Чанву (Ким Сангук, Кан Юн Сок)

1:4 – 59:18 – Ким Сангук (Ким Чанву, Кан Юн Сок)

Қақпашылар: Ли Ён Сын – Әмірбеков

Айта кетейік, 8 қарашада Қазақстан хоккейшілері Қытайға қарсы ойнайды.

Оқи отырыңыз: Ресей спортшысы Қазақстан азаматтығын алған соң әйелімен ажырасып кетті