Дзюдошыларға ақшалай сыйақы берілді
Белгілі дзюдошылар Елдос Сметов пен Данияр Шамшаевқа еліміздегі өнім өндіруші компаниялардың бірі қомақты ақшалай сыйақы берді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Prosports.kz-ке сілтеме жасап.
Париж олимпиадасында чемпион атанған Елдос Сметовке 8 млн берілсе, 73 келіде Франция астанасындағы ойындарға қатысқан Данияр Шамшаевқа 4 млн теңге табысталды. Олимпиада ойындарынан кейін сый-сыяпатқа мейлінше кенелген Сметов үшін бұл соманы қалыпты қаржы деуге болады.
"Парижден оралған спортшыға ел бойынша өте құнды сыйлықтар табысталған еді. Мәселен, Тараз қаласынан 5 бөлмелі пәтер мен қымбат жол талғамайтын көлік берілсе, Ақтөбе облысында кәсіпкер 100 бас жылқы сыйға берді. Бұдан бөлек, Алматыдан 2 бөлмелі пәтер, құны 140 мың доллар тұратын көлік, бірнеше жеңіл көлік сыйға берілді. Сондай-ақ, Сметов Олимпиада чемпионы ретінде мемлекеттен 250 мың АҚШ долларын алды", - делінген хабарламада.
Естеріңізде болса, қазақстандық дзюшы Елдос Сметов Париж Олимпиадасында 60 келіде чемпион атанды. Ол 27 шілде күні татамиге шығып, Нидерланд, Украина, Тайпей, Испания, Франция дзюдошылар ұтты. Оның финалдық жекпе-жегін елдің президенті Э.Макрон арнайы келіп тамашалаған болатын. Сондай-ақ ол өткен аптада Қ. Тоқаевпен бірге Елисей сарайында Макронның салтанатты дастарханында құрметті қонақ болды.
Оқи отырыңыз: Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы халықаралық турнирде күміс медаль алды