Турнирге 25 елден 150-ге жуық мәнерлеп сырғанаушы қатысады
7-10 қазан аралығында Алматыда мәнерлеп сырғанаудан халықаралық турнир - Денис Тен мемориалы өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.
Аталған турнирге 25 елден 150-ге жуық мәнерлеп сырғанаушы қатысады.
Жарыс аясында жасөспірімдер, ерлер мен әйелдер арасындағы жекелей сырғанауда, сондай-ақ, мұздағы биде жүлделер сарапқа салынады.
Байрақты бәсеке Halyk Arena мұз айдынында өтеді.
Айта кетейік, бұл турнир Қазақстанның мәнерлеп сырғанау тарихында өшпес із қалдырған 2014-Олимпиада ойындарының жүлдегері Денис Теннің құрметіне ұйымдастырылады.
Оқи отырыңыз: Қазақстан статистикасы ЭЫДҰ стандарттарына сай деп бағаланды