Қазақстандық шахматшы юниорлар арасындағы жаңартылған FIDE рейтингінде жоғарылады
Халықаралық шахмат федерациясы (FIDE) жиырма жасқа дейінгі юниор қыздар арасындағы әлемдік рейтингтің жаңартылған тізімін жариялады. Қазақстандық спортшылар халықаралық аренада кезекті рет жоғары шеберлік танытып, өз позицияларын нығайта түсті, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Рейтингтің жаңаруында 19 жастағы алматылық шахматшы Алуа Нурман айтарлықтай табысқа жетті. Ол өз қоржынына 7 ұпай қосып, 2 442 ұпаймен әлемдік кестеде төртінші орыннан үшінші орынға көтерілді.
Қазіргі таңда юниорлар арасындағы үздік үштік төмендегідей:
Ерекше атап өтерлігі, отандық шахматшыны екінші орында тұрған қарсыласынан бары-жоғы бір рейтингтік ұпай ғана бөліп тұр.
Алуа Нурман — блицтен Азия чемпионы (БАӘ, 2025). Сонымен қатар, осы жылдың маусым айында Гонконгта өткен командалық әлем чемпионатында 19 жастағы спортшы жеке тақтада блицтен алтын және рапидтен күміс жүлде жеңіп алған еді.
FIDE-нің үздік жүз юниор қызының тізімінде еліміздің өзге де өкілдері жоғары орындардан көрінді:
Еске сала кетейік, ересектер арасындағы әлемдік рейтингте 22 жастағы қазақстандық шахматшы Бибисара Асаубаева планетаның ең мықты шахматшыларының арасында бесінші орынды сенімді түрде сақтап келеді.