Дмитрий Панарин Бангладеште өткен турнирде алтын медаль жеңіп алды

26.12.2025 21:23

Отандасымыз жекелей сында үздік нәтиже көрсетті

Depositphotos.com

Қазақстандық Дмитрий Панарин бадминтоннан Даккада (Бангладеш) өткен халықаралық турнирде жеңімпаз атанды деп хабарлайды  Аlmaty.tv тілшісі Оlympic.kz-ке сілтеме жасап.   

Отандасымыз жекелей сында үздік нәтиже көрсетті. Финалда Панарин Малайзия өкілі Мохаммад Рушданды 2:1 есебімен жеңді (21:17, 14:21, 21:10).

Айта кетейік, жартылай финалда Дмитрий Конг Чжоу Суинді (Малайзия) 2:0 есебімен ұтқан болатын.

Оқи отырыңыз: Тарихи жыл: Қазақстан 2025 жылы жаңа спорт түрлерінен жүлде алды