Допингке сынама Америкада ашылды: Жәнібек Әлімханұлының менеджері шұғыл мәлімдеме жасады

09.01.2026 21:30

Берік Сұлтанның айтуынша, процедура АҚШ аумағында халықаралық талаптарға толық сәйкес өткен

Janibek Alimkhanuly жеке парақшасынан алынды

Орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атанған қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлына қатысты допинг дауына байланысты оның менеджері Берік Сұлтан ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі 1bol.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

8 қаңтардан 9 қаңтарға қараған түні Қазақстанның кәсіпқой бокс федерациясының президенті Рахымжан Ерденбеков спортшының B допинг сынамасының ашылғанын хабарлаған болатын. Бұл ақпаратты кейіннен Жәнібек Әлімханұлының менеджері де растады.

Берік Сұлтанның айтуынша, процедура АҚШ аумағында халықаралық талаптарға толық сәйкес өткен.

"Екінші сынама бүгін Америкада ашылды. Барлығы талапқа сай өтті. Біздің команда өкілдері пломбалардың ашылуына тікелей қатысты. Процестің заңды, ашық өткенін растады. Қазір сынама зертханаға жөнелтілді. Енді ресми қорытындыны күтіп отырмыз. Нәтиженің қашан дайын болатыны нақты айтылған жоқ", – деді Берік Сұлтан.

Оқи отырыңыз: Спортта тыйым салынған дәруменнің тізімі жаңарды