Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Жамбыл облысынан 22 спортшы ел намысын қорғайды

21.08.2026 20:46

Олар ұлттық ойынның 6 түрінен бәсекеге түседі

Қырғызстанда өтетін VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына Жамбыл облысынан 22 спортшы ел намысын қорғайды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Олар ұлттық ойынның 6 түрінен бәсекеге түседі. Ат құлағында ойнайтын жігіттер мен балуандар көкпар, көк бөрі, бәйге, аударыспақ, жамбы ату және асық атудан сынға түседі. Байрақты бәсекеге спортшылар дайындықты мамыр айында бастаған. Бүгінге дейін 3 рет оқу жаттығу жиыны өтті. Қазір соңғы даярлық жұмыстарын Ыстықкөлде пысықтап жатыр. Өңір билігі жамбылдық жампоздардың жүлделі орыннан көрінетініне бек сенімді. Соның ішінде көкпаршыларға көп үміт артып отыр. Өйткені өңірдің 6 бірдей спортшысы ұлттық құрама сапында өнер көрсетеді.

«Биылғы дайындық өте күшті. Облыс сапынан болсын, республика қарамағынан болсын жауапкершілік өте қатты болып жатыр. Бұндай оқу, жаттығу жиындары еш уақытта болмаған, 50-ге жуық ат, 30-ға жуық спортшы келді. Соның ішінен сайдың тасындай іріктелген балалар жиналып, биылғы оқу жаттығу жиыны өте жоғары дәрежеде өтті деп айтсақ болады», – деді  «Әулиеата» спорт клубының басшысы Атамекен Рүстемов.

Оқи отырыңыз: Қазақстан триатлоннан Қытайдағы әлемдік серия кезеңіне қатысады

Толық көрсету